18 ақпан күні облыстық төтенше жағдайлар қызметіне Ақтөбенің Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Skoda octavia» және «Lada Largus» автокөліктері қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 4 адам, 1 автокөлік оқиға орнына жіберілді.
«9 Тәжікстан азаматы құтқарылып, «Шерхан» кемпингіне жеткізілді. Сонымен қатар, 19 ақпан күні таңда «Самара-Шымкент» тасжолының Ырғыз ауданы маңында «Honda Illusion» көлігі бұзылып, жолда қалғаны туралы ақпарат түсті. Мұнда да 7 Тәжікстан азаматы құтқарылып, «Тұлпар» кемпингіне жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.