АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Темір ауданында Кеңқияқ ауылдық ауруханасында әлі жөндеу жұмысы аяқталмады. Науқастар аудан орталығына тасымалданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеңқияқ ауылдық ауруханасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмысы жақын арада аяқталады. Ал жедел медициналық көмекті қажет ететін науқастар Темір аудандық ауруханасына жіберіліп, сонда ем қабылдап жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Айта кетейік, жөндеу жұмысы екі қабатта да жүргізіліп жатыр. Мұнда әзірге жылу қосылмаған.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенсек, күрделі жөндеуге 68 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Жұмыс желтоқсан айында аяқталады деп көрсетілген.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.