Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса сақ болуға шақырды. Қазіргі уақытта Самара - Шымкент тасжолының 776-965 шақырымы аралығында шектеу қойылды. Бұл тек жүк көліктеріне қатысты талап. Сонымен бірге жеңіл көлік жүргізушілері үшін қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру аса қауіпті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Покровка-Жаңажол бағытындағы жолда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды.