АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта жүкті келіншек көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат хабарлайды.
Ақтөбе қаласында 31 жастағы келіншек толғақ қысып, перзентханаға түсті. Ана жатырында сәбидің жүрегі тоқтап қалған.
«Келіншек жүктіліктің 31 аптасында перзентханаға келді. Бір күннен соң бауыры мен бүйрегі сыр беріп, баланың жүрегі жатырда тоқтап қалды. Сараптама тағайындалды. Алдын ала белгілі болғаны - әйелдің бауыры түгел бүлінген. Гистологиялық сараптамадан соң өлімнің нақты себебі белгілі болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.