Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BMW» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы №7 клиника-диагностикалық орталық алдында тұрған аялдама павильонына барып соқтығысты.
«Жүргізуші Ақтөбе әуежайынан шығып, жолда №7 КДО маңында жол-қозғалысы ережесін бұзған. Ол жол белгісін сындырып, автобус аялдамасын қиратып кеткен. Салдарынан өзі Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде қан сынамасы алынып, тексеруге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Абырой болғанда жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түскен болатын.