АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жылқы іздеуге шығып, хабарсыз кеткен 6 адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Жоғалған ақтөбеліктер Қызылорда облысынан табылды. Оларды іздеуге Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Ырғыз аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты. Жоғалғандар Қызылорданың Арал ауданынан табылды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды",- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 1 қыркүйек күні 33 бас жылқыны іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кеткенін жазған болатынбыз. Жоғалғандардың туыстары полицияға арыз жазып, іздеу жұмыстарын жүргізуді сұраған еді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.