АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Дөң кен-байыту комбинатында болған қайғылы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соталды тергеу басталды.
– Қылмыстық кодекстің «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бүгін Дөң кен-байыту комбинатында көлік аударылып, екі жұмысшы көз жұмды.
«Қазхром» ТҰК» АҚ Корпоративтік коммуникация қызметінің хабарлауынша, компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.