Видеодан «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Руслан Әжниязовтің конверт секілді затты беріп жатқанын, ал Ғалымжан Елеуовтің көмекшісі деп жазылған адамның оны алып, қойнына жасырғанын көруге болады. Осы оқиғадан кейін тексеру жүргізілді.
Арада бір ай өткенде қызметтік тексеру қорытындысы шығарылды. Онда қызметкерлерден түсініктеме алынғаны, әлеуметтік желіге жарияланған ақпараттың расталмағаны туралы ғана ақпарат таратылды.
– Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Руслан Әжниязов сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Тексеру қорытындысы болса бұған дейін айтылды. Өзге ақпарат жоқ, - деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісі деп аталған адам ол кезде әкімдікте болмаған еді. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қазір Ғалымжан Елеуовтің штаттан тыс көмекшісі болып қасында жүр. Ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті қандай да бір ақпарат таратпады.