Ақтөбедегі теміржол тұйықтарында әзірге 1700 тонна көмір бар

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Тұрғындарға 19 187 көмір қажет. Қатты отын тоннасының бағасы - 19 500 - 26 000 теңге аралығында.

Ақтөбе облысының ауыл тұрғындарына көмір Қарағандыдан тасымалданады. Шұбаркөл көмірі қазір Ақтөбе және Қандыағаш қалаларының теміржол тұйықтарында бар. 

- Темір жол тұйықтарында 1 700 тонна көмір (41-разъезд – 1 680 тонна, Қандыағаш – 20 тонна) бар. Бағасы тоннасына 19 500 - 26 000 теңге арасында. Алға, Хромтау, Қобда, Қарғалы, Ойыл аудандарының тұрғындарына көмір Ақтөбе қаласындағы 41-разъезд және Жіңішке станциясынан тасымалданады. Ырғыз ауданының тұрғындарына Қызылорда, Қостанай облыстарындағы жақын орналасқан көпір тұйықтарынан тасымалданады. Қалған аудандардың (Байғанин, Мәртөк, Темір, Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар) тұрғындары жергілікті теміржол тұйықтарынан алады,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Павлодар, Жетісу, Астана, Қызылорда, СҚО көмір бағасы мен сұраныс жайлы жазылды. Жалпы елімізде көмір өндіретін 30 кәсіпорында 32 мыңнан аса адам еңбек етеді.