Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері бұған дейін еліміздің оңтүстігінде тұрған. Бүгінде Хромтау ауданының тұрғыны. Бүгін ол тұратын үйдің ауласына әскери қызметшілер, құқыққорғау органдарының, аудан әкімдігінің өкілдері, жергілікті тұрғындар жиналды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындаса, мектеп оқушылары сап түзеп, ардагерге құрмет көрсетті. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Жеңіс күніне орай, оның пәтеріне күрделі жөндеу жүргізуді растайтын сертификат берілді. Әрі Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.
— Сізге тағзым ету құрмет. Біз ашық аспан мен жарқын болашақ сыйлаған Сіздерге әрқашан алғыс айтамыз, ризашылық білдіреміз», — деді Асхат Шахаров. Ал Ақтөбе облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қажымұқан Сатенов майдангерге ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтады.
Айта кетейік, Василий Грецкий 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Соғысқа дейін Жамбыл облысында тұрған. 1942 жылы әскерге шақырылып, бір жылдан кейін майданға жіберілген. Ол Украин және Беларусь майдандарында сегізінші полктің бірінші атты әскер корпусының құрамында соғысқан. Үш рет жарақат алды. Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алды. Осыдан кейін олардың полкі Орал қаласында орналастырылды. 1946 жылы алған жарақаттарына байланысты әскерден босатылды. Жауынгерлік еңбегі үшін майдангер «Қызыл жұлдыз» және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Көптеген әскери наградалары бар.
Айта кетейік, Ақтөбе облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 122 мыңнан астам адам шақырылып, оның 36 мыңнан астамы ерлікпен қаза тапты. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атанса, тоғызы «Даңқ» орденінің толық кавалері болды.