АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы алтын өндіретін кен орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға жайлы Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин хабарлады. Оның айтуынша, оқиға «АltynEx Company» компаниясында болған.
«Қайғылы жағдай бүгін болды. Мұғалжар ауданында орналасқан алтын кен орнындағы шахтада 48 жастағы энергетик көз жұмды. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Энергетик шахтаның желдеткеші маңында отырып, кабельді монтаждау жұмысын атқарған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей қалған»,- деді Талғат Искарин.
Тергеу жүріп жатыр.
Фото: shutterstock.com
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.