Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот алды отырысы ауданда өтіп, негізгі талқылау облыс орталығына ауыстырылды.
Бүгін басты сот отырысына қаза болған өзбекстандықтардың ата-аналары келді. Олар қазақ тілін түсінбейтінін айтып, елшіліктен аудармашы жіберуді сұраған.
Айта кетейік, жәбірленушілер мен айыпталушылар БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуына еш қарсылық көрсетпеді. Қазір сот отырысы жалғасып жатыр.