АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Автобус өртіне қатысты сот отырысы Ақтөбе қаласынан 470 шақырым қашықтықтағы Ырғыз ауданында болады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты тергеу жұмыстары 6 ай бойы жүргізіліп, іс бүгін сотқа түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бес адам айыпталушы деп танылған. Олардың үшеуі жүргізуші және автопарк механигі мен құрылтайшы. Ал автобус иесіне халықаралық іздеу жарияланды.
«Бүгін сотқа автобус өртіне қатысты қылмыстық іс түсті. Пернебеков, Қырғызбаев, Танатов, Тілепбаев және Пердебаевқа қатысты қылмыстық іс Ырғыз аудандық сотында қаралады. Алдағы бес күнде сот отырысының қай күні басталатыны белгілі болады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.