Ақтөбедегі қарттар үйі әлеуметтік желі қолданушысынан моральдық шығынды өндіре алмады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйі әлеуметтік желі қолданушысы Надежда Иванникова сотқа беріп, 300 мың теңге моральдық шығын талап екен болатын.

Сот талапкердің талап арызын қанағаттандырған жоқ,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйіне әжесін тапсырып, кейін оның жағдайын көруге барған немересі Надежда Иванникова кешкі асқа картоп езбесі мен балық бергенін көріп, суретке түсірген. Ол суретті әлеуметтік желіге салып, қарттарға толыққанды жағдайдың қашан жасалатынын сұраған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде қызу талқыланған сурет пен хабарламадан соң қарттар мен мүгедектердің интернат үйі Надежда Иванникованы сотқа берді .  Сот ар-ожданымызды таптады деп шағымданған интернат үйінің талап арызын қанағаттандырмады.
 

«Сот арызды қанағаттандырған жоқ. Біз аппеляциялық шағым беруіміз мүмкін. Қазір осы іске қатысты заңгермен, басшылармен ақылдасамыз»,- деді Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйі директорының орынбасары Болат Исаев.