Ақтөбедегі мектеп оқушысы жүрегі тоқтап көз жұмған-басқарма

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы №38 орта мектеп оқушысы өлімінің себебі анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізген Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев сараптама қорытындысын жариялады.

«Сол кезде жедел жәрдемге 6 қоңырау түскен. Адамдар 1-2 минут сайын хабарласқан. Жедел жәрдем 14 минутта жетті. Оған дейін мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Өкінішке қарай, оқушы мектепте көз жұмды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, оқушының жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Мұндай жағдай өте сирек болса да кездеседі. Кейбір адамдар ұйықыдан оянбайда қалуы мүмкін»,- деді басқарма басшысы Әсет Қалиев.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласындағы №38 орта мектеп оқушысы Ділназ Әбішева оқу орнында көз жұмған болатын.  Ал 5 сынып оқушысының анасы Зәуреш Ерғалиева қызының ауырмағанын, бәрі кенеттен болғанын айтып берген еді.