АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пәтердің ас бөлмесінен өрт шығып, екі бала көз жұмды. Осы қайғылы оқиғаға байланысты полиция сот алды тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласының 12 ықшамауданында өрт болып, ас бөлмеден екі баланың мүрдесі табылды. Кейін балалардың газдан уланғаны белгілі болды.
«25 желтоқсанда көпқабатты үйде пәтер іші жанып, 2 бала көз қаза тапты. Оқиғаға байланысты сот алды тергеу жұмысы басталды. Өрт-техникалық және қажетті сараптама тағайындалды. Алдын ала белгілі болғаны, өрт ас бөлмеден шыққан, газ плитасының пеші қосулы қалған. Сондықтан балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайтынын, тұрмыстық техниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.