АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде орталық базар ішіндегі Айсұлтан павильоны жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жа сап.
9 мамырда сағат 03:30-да орталық базардан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Азық-түлік сататын "Айсұлтан" павильонының шатыры өртке оранып, өрт ауманы 1650 шаршы метрді құрады.
"Өрт сағат 04:52-де тоқтатылып, 05:28-те толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге барлығы 127 адам мен 20 техника жіберілді. Зауыт жұмысшылары, әскерилер де жұмылдырылды. Барлығы 170 адам өрт сөндірді", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.