АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі 22 субұрқақтың тек 11-і ғана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті әкімдік бұл жағдайды жөндеу жұмыстарына конкурстың өтуімен байланастыруда.
«Қалада орналасқан 22 субұрқақтың тек 11-і ғана жұмыс істеп тұр. Жуырда бір субұрқақ қолданысқа беріледі. Қалған он фонтанды жөндеу керек. Сондықтан қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байқау жариялады. Барлық жөндеу жұмыстары біткен соң субұрқақтар іске қосылады», - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл субұрқақтарды жөндеуге бюджеттен 20 миллион теңге қарастырылған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.