АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға 16 тамыз күні сағат 11:45-те болған. Бұл туралы хабарлама облыстық еңбек инспекциясы басқармасына түсті.
«Тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілген. Сол кезде екі адам толқынның астында қалып қойған. Жұмысшы әйел көз жұмды. Ал учаскелік маркшейдер аудандық ауруханаға жеткізілді. Арнайы комиссия құрылды. Барлық мемлекеттік орган өкілі құрамына кіреді. Тергеп, тексеруден соң себебі анықталады», - облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.