Ақтөбедегі түзету мекемесінде дауыс беру аяқталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі түзету мекемесінде 148 адам таңдауын жасап, аз уақытта дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі КА 168/1 түзету мекемесінде қамауға алынған, сот үкімі заңды күшіне енбеген, 18 жасқа толған азаматтар өз дауысын берді.

"Түзету мекемелерінде 250-ге жуық адам бар. Оның 148-і дауыс беруге құқылы. Сайлау учаскесі өз уақытында ашылып, түзету мекемесінде отырғандар аз уақытта өз таңдауы жасады", - деді тергеу мекемесі бастығының орынбасары Сабыржан Нұртазин.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 529 сайлау учаскесі бар. Оның 150-і облыс орталығында. Қазір дауыс беру жалғасып жатыр.