Ақтөбедегі Жаманшың кратері мемлекеттік қорғауға алынады
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жаманшың кратеріндегі тастар тоналып жатқанын бұған дейін хабарлаға н болатынбыз.
Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризим басқармасы бұл жерді мемлекеттік қорғауға алып, туристік маршрутты жандандыру жұмысын қолға алды.
«Жаманшың кратеріне қызығушылар өте көп. Бірақ бұл жер мемлекеттік қорғауға алынбаған. Басқарма метеорит құлаған жерді алдымен заңды түрде қорғауға алып, кейін қоршау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Содан соң жаяу жүргіншілер жолын салып, туристердің аялдап, бақылап, қарап, зерттейтін жерлерін бекітіп, геотуризмге қызығатын адамдарды шақыру жұмысы жолға қойылады»,- деді облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.
Айта кетейік, Жаманшың кратерімен қатар өңірде Айдарлыаша геоморфологиялық кесіндісі бар. Бұл жер геологтардың қызығушылығын тудырып отыр. Алдағы уақытта Айдарлыаша да қорғауға алынады.