Бұған дейін, Ақтөбеден Хромтауға бағыт алған автобус аударылып, 7 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған болатынбыз. Облыстық ІІД баспасөз қызметі рөлге ие бола алмай қалған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал Хромтау аудандық ауруханасы түрлі дене жарақатымен түскен жолаушылар қолхатпен шығып кеткенін айтты.
«Жол апаты болған кезде ауруханаға 9 адам жеткізілді. Қабырғасы сынып, түрлі дене жарақатын алған Өзбекстан азаматы ем қабылдаудан бас тартып, қолхатпен ауруханадан шығып кетті. Олардың бәрі өз елдеріне кетті»,- деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Людмила Волненко.