Ақтөбедегі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
20:33, 05 Қазан 2019
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан кезде автобус ішінде 34 жолаушы болған.
«Жол-көлік оқиғасы болған жерде 23 адам шұғыл медициналық көмек сұрап жүгінген, оның 9-ы бала мен алтауы ересек. Олар ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - беді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған.
Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан» көлігімен түйісіп қалды. Сол кезде автобус аударылды.