АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде лифтіде қаза болған Айзат Әбдісаматтың оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«4 сәуір күні кезекші бөлімге тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде адам мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Сапасыз салынған құрылыс» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, лифт ішінде Айзат Әбдісаматтың 3 жастағы қызы болған. 28 жастағы келіншек жедел жәрдем келгенше қаза болды. Оның аяғы есікке қыстырылып, денесінен бөлініп қалған. Айта кетейік, Айзат Әбдісамат жергілікті «Ақтөбе» телеарнасында таңғы бағдарламаны жүргізіп, балалар бағдарламасын ашқан.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.