Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 - 11.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді.
Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентке амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді.
Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 6 пациент ауруханадан шығарылды.
12:00-дегі (Астана уақыты бойынша) жағдайға сәйкес, Ақтөбе қаласының стационарларында 14 зардап шеккен азамат емделуде, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.