Ақтөбеге алғашқы қар жауды
10:16, 01 Қараша 2019
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласына бүгін алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауа температурасы қазір -3 градусты көрсетіп тұр.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің шығысы мен солтүстігіне қар жауған болатын.
Бұған дейін «Қазгидромет» биылғы қыста қандай ауа райы күтілетіні туралы болжамын жариялады.