Ақтөбеге Арыстан 200 бала жазғы лагерьге келді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының жазғы лагері Арыстан келген 200 баланы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс балалары 15 шілдемен 3 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласындағы «Шұғыла» балаларды сауықтырулагерінде тынығады. Екі ауысымда әр бала 12 күн демалады.

«Балалар шығармашылықпен айналысып, спорттық шараларға, музыкалық,интеллектуалдық сайыстарға қатысады.
Арыстық балалардың демалысын ұйымдастырудың басты мақсаты – төтенше жағдайдыұмыттыру әрі психологиялық көмек көрсету. Лагерьде балалардың демалуына барлықжағдай жасалған. Олардың ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелержабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген.Демалысты ұйымдастыру, оның ішінде балаларды Түркістан облысынан лагерьге дейінжеткізу және кері апару, тамақтану, жатын орын шығындары қабылдаушы жақтыңесебінен болды. Облыстық білім басқармасы балалардың өмір қауіпсіздігінқамтамасыз ету үшін қажетті шара қабылдады», - деп хабарлады облыстық білімбасқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, балалар 6 мезгіл тамақтанады. Созылмалы дерті бар демалушыбалаларға қосымша диагностика жасалып, ем-дом жасалады. Сонымен қатар лагерьбағдарламасы бойынша балалар үшін Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен танысу,мұражай, мәдени орындар және саябақтарға экскурсия ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар