Халықаралық байқаушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын бақылайды. Оңдасын Оразалин кездесу барысында сайлаудың тиянақты, сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында дайындықтың қызу жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
«Біздің тарапымыздан сайлаудың әділ өтуі, ашықтық бірінші орынға қойылады. Алдағы сайлау өз конституциялық мерзімінде өткізіледі. Бұл сайлаудың ерекшелігі – партиялық тізімге дауыс беріледі. Сондықтан біздің міндетіміз – сайлауға қатысушы барлық партияға бірдей жағдай жасау. Ол үшін біз материалдық - ұйымдастырушылық шараларды жан-жақты қолға алдық. Сонымен бірге облыстағы азаматтық қоғам өкілдері дауыс беру барысында байқаушы болуға ниет білдіргенін атап өткім келеді. Партиялық емес бақылау орталығының облыстық штабы құрылды. Бұл азаматтық қоғам байқаушыларының жұмысын жүйелеп, үйлестіретін болады», - деп атап өтті облыс әкімі.
Александра Пайевич пен Валентин Воронков өз кезегінде алдағы жауапты шараға өңірдің дайындығын жоғары бағалады.