Шалқар ауданының тұрғыны облыстық полиция департаментіне барып, үш ай бұрын өтініш жазды. Әбумәлік Омаров Совет одағы төлқұжатын дер кезінде өзгертпей, 30 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген. Облыстық ПД көші-қон полиция қызметкерлері құжатын рәсімдеп берді.
«60 жасқа келгенде алғаш рет төлқұжатымды алып отырмын. Құжаттарды рәсімдеуге көмектескен көші-қон полициясы қызметкерлеріне алғысым шексіз», - дейді Шалқар ауданының тұрғыны Әбумәлік Омаров.
«Осы уақытқа дейін Совет одағы паспортымен жүрген Әбумәлік Омаровбұдан былай барлық мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарын, өзінің конституциялық құқықтарын қолдануына болады», - деп атап өтті полиция майоры Ж. Тәжиев.
Айта кетейік, былтыр азаматтығы айқындалмаған, жарамсыз құжаттармен жүрген 20 азамат Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алды.