Ақтөбелік артиллериялық снаряд тауып алып, полицияға тапсырды
22:57, 28 Сәуір 2021
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік 8 артиллериялық снаряд тауып алып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысында қару сатып алу акциясы жалғасып жатыр. Облыс тұрғындары атасынан қалған аңшы мылтығы мен тауып алған қару-жарақтарын сыйақы үшін өткізді.
«Полиция бөліміне Темір ауданының 46 жастағы тұрғыны хабарласып, ол 8 дана артиллериялық снарядты тапсырды. Ер адамның айтуынша, снарядты балық аулауға барған кезде тауып алған. Қазіргі уақытта артиллериялық жарылғыш зат сараптамаға жіберілді. Облыстық полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын тағы еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.