«Сағат 2:56-да қоңырау түсіп, 3:02-де «Жедел жәрдем» бригадасы айтылған мекенжайға жетті. «Жедел жәрдемді» көршілер шақырған. Өрт болған жерден біздің қызметкерлер 1988 жылы туған қызды ЖМКА-ға жеткізді. Денесінің 60 %-ы күйген. Қолы, аяғы, бетін 2 және 3 дәрежедегі күйік шалды», - деді «Жедел жәрдем» стансасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Дастан Неталиева.
Дерек бойынша, ұялы телефон (маркасы анықталмаған) қуаттандырғышта тығулы тұрған. Қыз ұйықтап жатқанда, телефон жанған. 103 дәрігерлері олардың тәжірибесінде бұрын-соңды мұндай жағдай орын алмағанын атап өтті.