Ақтөбелік бойжеткен үйінде отырып өз таңдауын жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік жас Айсұлу Сұлтанова үйде отырып, дауыс беруді ұйғарды. Ол ел дамуы үшін азаматтар да өзіне жауапкершілік алуы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүгедектігі бар Айсұлу Сұлтанова 18 жасқа толып, сайлауға алғаш рет қатысып отыр.

Ол еркін қозғала алмайтын болған соң үйде отырып, дауыс беруді жөн көрді. Сөйтіп сайлау учаскесіне өтінішін білдіріп, комиссия мүшелерінің келуін күтті.

Бұл кез келген адамның міндеті деп есептейді. Болашақтағы жоспарымен де бөлісіп, өз ойын жеткізді.

«Мен үшін бүгін ұмытылмас күн болды. Өзім толқып отырмын. Алғаш рет дауыс бердім, таңдауымды үйде отырып жасадым. Әрбір адам дауыс беруі керек, тіпті міндетті деп айтсам болады. Яғни, әр адам еліміздің азаматы, демек таңдау бар кезде сайлауда өз құқығымызды пайдалануымыз керек. Өзім IT саласына қызығамын. Осы саланы терең меңгеріп, елімнің дамуына үлес қосқым келеді», - деді Айсұлу Сұлтанова.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алғашқы ұстазы Клара Қажығалиева да өз таңдауын жасады.

Жалпы Ақтөбеде 517 сайлау учаскесі бар. Облыста 560 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.