Димаш Құдайбергеннің алғашқы ұстазы өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысы бойынша 517 сайлау учаскесі бар. Оның 15-і мамандандырылған ұйымдарда орналасқан, олар: медицина мекемелері, әскери бөлімдер, тергеу изоляторлары. Әскери бөлімде және вахталық кенттердің жанында орналасқан үш учаскеде сайлау таңғы сағат 6:00-де басталды. Қалған сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7:00-ден бастап, сағат 20.00-де аяқтайды.
Димаш Құдайбергеннің алғашқы ұстазы Клара Қажығалиева бүгін өз таңдауын жасады.
«Бүгін ең маңызды күн. Қазақстанның әрбір азаматы Президент сайлауына қатысады деп ойлаймын. Еліміз келешегі, ұрпағымыздың болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға тікелей байланысты. Өзім еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде еңбек етіп жүрмін. Сондықтан да Қазақстан Республикасының кемелденуі, бақытының баянды болуы - біздің қолымызда», - деді Клара Қажығалиева.
Айтуынша, ол бұған дейін өткен барлық сайлауға қатысып, таңдауын жасаған. Бүгін де таңертең ерте тұрып, мектепте орналасқан учаскеде дауыс берді.