Күдікті жәбірленуші жұмыс істейтін сұлулық салонына барып, өзін жарнамалап, болашақты болжай алатынын және дуа қайтаратынын айтқан. Бөтеннің мүлкін иелену үшін балгер 40 жастағы ақтөбелікке «үйіңде дуа бар, оны қайтару үшін ақша керек» деп ескертіп, кейін 400 мың теңгеден аса ақшасын алып кеткен.
«Алданғанын сезіп, полицияға қызметіне жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексереді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.