Ақтөбелік ізшілдер Новгород облысына Еске алу вахтасына аттанды (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік ізшілдер Ұлы Отан соғысы кезіндегі шайқастар өткен жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізеді және халықаралық еске алу вахтасына қатысады.

Ізшілдерді 1941-1942 жылдары фашистік шапқыншылармен қиян-кескі ұрыстарға Ақтөбеде құрылған 74-ші теңіздік атқыштар бригадасының жауынгерлері қатысқан Новгород облысының Парфин ауданына салтанатты шығарып салу дәстүр бойынша «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені жанында өтті.

«Біз осы кезде жыл сайын іздестіру жұмыстарына шығамыз. Биылғы сапарымызды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, сондай-ақ 312-ші атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына арнаймыз», - деді «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының құрылтайшысы Гумер Галеев. Ол 1988 жылдан бері ізшілдер бірде-бір рет олжасыз қайтқан жоқ, олар музейдің бағалы экспонаттарына айналды, деп атап өтті.

Новгород облысына 10 тәжірибелі ізшілдер аттанды. Дәстүр бойынша олармен бірге жастар өкілдері де жүріп кетті. Бұл жолы олардың ішінде қалалық және аудандық мектептердің үш оқушысы және Қ.Жұбанов атындағы университеттің бір студенті бар.

Ізшілдерді шығарып салуға қала тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың музейі қызметкерлері, №19 орта мектеп пен әскери-техникалық мектептің оқушылары келді.

Ізшілдер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.