АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы бассейндердің бірінде 73 жастағы қарияның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бассейндердің бірінде ер адамның мүрдесі табылды.
«Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасынан бір адам жіберілді. Кейін оның жүрек талмасы ұстап, мерт болғаны анықталды. Ер адам 73 жаста», - деді баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.