АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік келіншек қызын сауда орталығында өмірге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сауда орталығының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Келушілердің бірі Lady Collection бутигінде босанып қалды.Сауда орталығының қызметкерлері үшін бұл тосынсый болды. Бәрі жедел шешім қабылдап,босандырып алған. Жедел жәрдем мен дәрігерлер жеткенше келіншек баласынбауырына басты», - деп хабарлады сауда орталығы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы.
Сәбидің салмағы - 3 400 грамм, бойы - 52 см. Сауда орталығы ыдыс-аяқ, ал сәбигеханшайымдарға арналған жинақты сыйға тарту етпек.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.