Ақтөбелік мамандар шұжықтан адам етінің тіні табылды деген ақпараттан соң ескерту жариялады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік санитар мамандар Ресейдің ғалымдары зерттеп, кейін шұжықтан адамның етінің табылды деген ақпараттан соң ескерту хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы Ресейдің «Мортадель» ет комбинаты өндіретін «Королевский», «Сервелат зернистый» шұжықтарынан адам етінің тіні табылғанын ғалымдар зерттеп, анықтаған.  «Известия» басылымындағы бұл жаңалықтан соң ақтөбелік санитар мамандар жергілікті сауда орындарына арнайы хабарлама таратты.

«Ресейдің «Мортадель» ет комбинатында әзірленген шұжықтан адам етінің анықталғаны туралы жаңалықтан соң бізге ірі сауда орындарын ақпараттандыруға тапсырма түсті. Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық сауда орындарына хабарландыру беріп, бұл ет комбинатының өнімдерінен сақтануды ескерттік. Жергілікті жерде бұл ақпарат толық таратылды. Өңір тұтынушылары бұл ет комбинатының өнімін тұтынбайды екен»,- деді Хромтау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитар дәрігері Рая Қопабаева.

Айта кетейік, дәл осы ақпараттан соң «Мортадель» ет комбинаты нарықта 26 жыл бойы жұмыс істейтіндерін және бұл ақпаратты ғалымдар растамағынын мәлімдеген.