Ақтөбелік оператор диқандарға арналған 2 982 тонна дизель отынын сатып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Егіс науқаны кезінде диқандар үшін арзандатылған бағамен босатылған жанармайды коммерциялық мақсатта сату фактілері тіркелген. ҚР Бас прокуоры Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған джауабында осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокуратура органдары күзгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арнап арзандатылған отынды мақсатқа сай пайдалану деректері бойынша тексеріс ұйымдастырды. Нəтижесінде бүгінгі таңда оны коммерциялық мақсатта пайдалану фактілері анықталды», - деп жазады Бас прокурор.

Қазір осындай заңсыздыққа барған өңірлік оператордың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында өңірлік оператор – «Батыс Жер» ЖШС өз жанар-жағармай құю стансалары арқылы 2 982 тонна көлемінде жеңілдетілген отынды сатқан.

«Аталған факті бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 221-бабы (монополистік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Бұл жұмыс жалғасады», - деп жазылған жауапта.


Фото: danchoioto.vn