Халықаралық әйелдер күніне орай патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші әйелдерге тосынсый жасады. Олар көлікті тоқтатып, жүргізушісіне өлең оқып берді.
Полицейлердің пікірінше, нәзік жанды жүргізуші тәртіп сақтауды және жол қозғалысы ережесіне мұқият.
«Жүргізуші әйелдер ерлермен салыстырғанда жол-көлік оқиғасына сирек жол береді. Олар әлдеқайда сақ. Әйелдердің көпшілігі белгіленген жол жүру ережелерін ұстанады, жылдамдықты асырмайды, кез келген жерде көліктерін қалдырмайды», - дейді Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальон қызметінің инспекторы Заманбек Қалиев.