«Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде және жалпы білім беретін мектептердің жанында кезекшілікті күшейтті. Негізгі мақсат – жол апатының алдын алу, балалардың өмірін сақтау, мектеп аумағында тәртіпті қамтамасыз ету.
«2020 жылы өңірде балалардың қатысуымен 108 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлығы 5 бала көз жұмып, 119-ы жарақаттанды. Балаңыздың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз. Көп жағдайда балалар ересектердің кінәсінен көз жұмады. Оларды арнайы креслосыз автокөлікке отырғызады, өзі мас күйде көлікті басқарады», - деді Ақтөбе қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.