АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер бір күндік еңбекақыларын жетімдерге аударды. Облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 5,5 миллион теңгені үш ұжымға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республикалық «Мектепке жол» акциясын полицейлер қолдады. Ақтөбе облыстық ІІД жеке құрамы бір күндік жалақына аударып, балаларды білім күніне дайындады. Барлығы 5,5 миллион теңге жиналып, қаржының 4 миллион теңгесі Алға және Жайсаң балалар үйінің есебіне аударылып, 1,5 миллион теңгесі кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына берілді.
Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, оқушылардың болашақта еліміздің лайықты азаматы болатынына сенім білдірді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.