Ақтөбе қаласындағы 12 ықшам ауданда Димаш Құдайбергеннің портреті бар. Бес қабатты тұрғын үйді әкімдік таңдап, әншінің суретін мердігерлерге берген екен. Аты-жөнін айтудан бас тартқан суретші небәрі үш күнде портретті салып шықты.
«Ақтөбе қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұсынысымен Димаштың портреті салынды, оған демеушілер қолдау көрсетті. Суретші аты-жөнін құпия сақтауды жөн көріп отыр. Бояу суыққа, күнге, жаңбырға төзімді. Тіпті жеті жылға дейін сақталады деп отыр. Бұл біздің алғашқы жобамыз», - деді мердігер Берік Ақылбаев.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Ол өз туған күнінде Ақтөбеге келіп, қарттар үйіндегі тұрғындармен кездесті.