Ақтөбенің Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында 26 жастағы келіншек екі баласымен жоғалып кетті. Оның жанында 6 жəне 8 жастағы екі баласы бар.
"Байғанин ауданының ІІБ Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі Қаражар ауылының тұрғыны Жеңісгүл Жұмашова мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары Жасқанат Жарылғап және Жұлдыз Жарылғаптарды ізестіріп жатыр. Оларды көрген немесе қандай да бір мәліметтерді білген азаматтардың полицияға келесі телефон номерлеріне хабарласуын сұраймыз: 8-(71345) 22-1-74, 22-1-83. сот. тел. 8-7021773179 ",- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.