Ақтөбе қаласында 5 ауылдық округ бар. Қалалық әкімдік жыл сайын әр ауылдық округтің 1-2 көшесін жөндеуге қаржы бөледі. Биыл облыс орталығында 5 жол салынып, 17 жол күрделі, 10 жол орташа жөндеуден өтті. Барлығы 28,9 шақырым жол жөнделді. Қазіргі кезде қар жауып, барлық жұмыс тоқтатылды. Алайда тұрғындар жол жөндеу жұмыстары кезінде өз күшіне ғана сенген.
«Көктем мен күзде балшық болады. Жазда жаңбыр жауса, аяғымызды аттап баса алмаймыз. Сондықтан бірігіп, жол салу жайын ойластырдық. Алдымен әкімдіктен жолдың қашан салынатынын сұрадық. Бірақ нақты жоспар жоқ. Ал біз өзге көшедегі жөндеу кезінде қырылған ескі асфальтты сатып алып, соны төсеп алдық. Бар болғаны 200 метрге жетті. Әр үй 10 мың теңгеден ақша жинады»,- деді ауыл тұрғыны Нұрлан Барболсынов.
Ақтөбе қаласындағы елді мекен тұрғындарының бұл шешімін әкімдік біліп отыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғалидің айтуынша, жоспар бойынша Жиембет жырау көшесі 2018 жылы жөнделеді. «Жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлаған кезде біз техника беріп, көмек көрсетер едік»,- деді ол. Ал Заречный-4 елді мекеніне жауапты Қарғалы ауылдық округі ешқандай көмек көрсете алмайтынын ашық айтты.
«Заречный-4 елді мекені Қарғалы ауылдық округіне қарайды. Округте 21 көше бар. Оның бәріне тасжол төсеу мүмкін емес. Биыл 11 көшеге қиыршық тас төсеу, 11 көшені жарықтандыру жұмысы жүріп жатыр. Қыс түскенде барлық көшелерді қырып, тегістеу жоспарланды. Біз Ақтөбе қаласы әкімдігінен арнайы көлік сұратып отырмыз. Себебі, бізде мұндай арнайы техника жоқ, егер болса бәрін тегістеп, қалпына келтіріп қояр едік»,- деді Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Дастан Әжібаев.
Жители проживающие в п.Заречный-4 неоднократно обращались в акимат г.Актобе по вопросу благоустройства улицы Жиенбет жырау п.Заречный-4. Однако ответа на своё неоднократное обращение так и получили. На сегодняшний день жильцы своими силами делают дорогу в п.Заречный-4 по ул. Жиенбет жырау. Куда же смотрит руководство акимата.
Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Окт 19 2017 в 5:52 PDT