АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір мезетті 500 дәрігер тұрғындардың қан қысымын өлшейді. Сөйтіп 2015 жылы Үндістанда тіркелген Гиннесс рекорды жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қаласының 20 жылдығына орай Ақтөбенің дәрігерлері Гиннесс рекордын жаңартуды қолға алды. «Денсаулық» саябағына барлығы 500 дәрігер жиналып, олар бір мезетте қала тұрғындарының қан қысымын өлшеуге дайындалып жатыр. Сөйтіп, 1 сағатта 4 мың адамның қан қысымын өлшеу тапсырмасы орындалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Гиннесс рекордын жаңарту үшін 18 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар алдын ала шақырылды. Бұл акцияға облыс әкімдігі және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері белсенді қатысты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлемдік Гиннесс рекордын жаңарту туралы өтінім берді.
Айта кетейік, қан қысымын өлшеу рекорды 2015 жылы Үндістанда жасалды. Олар бір сағатта 3 600 адамның қан қысымын өлшеді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.