Ақтөбе облысы бойынша барлығы 874 мың адам санаққа қатысса, оның 413 мыңы онлайн, өзгесі дәстүрлі түрде сауалнама сұрақтарына жауап берді.
«Ақтөбе қаласында халық санағы жақсы жүріп жатыр. Мұнда азаматтардың 101,2% сауалдарға жауап берді. Ал Қарғалы ауданында 101,1%, Байғанин ауданында 96,5% көрсетіп тұр», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.
Айта кетейік, елімізде онлайн халық санағының мерзімі ұзартылды.
«Ішкі көші-қонға байланысты кейбір мекенжайда тіркелген адамдар қазір қалада немесе басқа өңірде жүр. Бұл адамдардың нақты санын, олардың әлеметтік жағдайын білуге кедергі келтіріп тұр. Сондықтан іздестіру жұмыстары қатар жүріп жатыр», - деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының басшысы Жолдасқали Беисов.