АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні барлық қыз-келіншек, аналардың автобуста тегін жүруіне мүмкіндік жасалды.
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте әйелдер үшін жол жүру тегін болады.
- Ақтөбеде қала тұрғындары мен қонақтарына «Автопарк» ЖШС, «Қала транс» ЖШС, «Ақжайық автопарк» ЖШС және «Табыс Ақтөбе» ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді. Барлық 4 компанияның автобустары 8 наурызда өзінің тұрақты кестесіне сәйкес жүреді. Әйелдер үшін бәрі тегін қызмет көрсетеді,-деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.