Дерекке қарағанда, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылынан 20 шақырым жерде ауа райының нашарлауына және қардың көп түсуіне байланысты жеңіл автокөлік қар үйіндісінің астында қалып қойған.
- Ішінде 2 адам бар көлікті құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, ауылға дейін алып келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп жазды ведомстводан.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.
Айта кетейік, Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті.