Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды. Бұл бастапқы кезеңнің өзінде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Мәселе инвестор өкілдері Ақтөбе қаласының прокуроры Бақытжан Ешмағанбетовтің жеке қабылдауында көтерілген. Тексеру барысында жергілікті әкімдік 35 гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге заңсыз түрде бас тартқаны анықталды. Бас тарту себебі қаланың Бас жоспарына сәйкес келмеуімен негізделген.
Алайда жан-жақты зерделеу нәтижесінде аталған жер телімінің негізгі бөлігі өндірістік аймақта орналасқаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органның заңсыз шешімі күшін жойып, әкімшілік кедергілер жойылды.
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіргені үшін кінәлі лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда.
Ақтөбе облысының прокуратурасы инвесторларды құқықтық мәселелер бойынша 7 (777) 220-10-77 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.
Айта кетейік, жақында ғана Президент заңды бизнесті негізсіз тоқтату инвестициялық ахуалға зиян келтіретінін айтқан болатын.